Бүгін күн суытады
12 тамызда Қазақстанның бірқатар аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қостанай, Павлодар сынды солтүстік өңірлерде тұрақсыз ауа райы сақталады-деп, хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Кенже ҚОНЫСБАЙ