Адвокат абақтыға жабылды
Бүгін Қостанай облыстық соты жәбірленушінің шағымымы мен Қостанай көлік прокуратурасының келтірген қарсылығына сәйкес, Қостанай қалалық №2 сотының ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы және 368-бабы 1-бөлігі бойынша (ірі көлемде алаяқтық, парақорлыққа делдал болу) қарастырылған қылмыстық істі жасады деген күдікті Қостанай облысы адвокаттар алқасының адвокаты Е.Мұхамеджановқа қатысты қылмыстық істі қарады. Адвокат Мұхамеджанов ағымдағы жылдың 9-ақпанында жәбірленушімен кездесіп, оған қатысты іс материалдарын тоқтатып, оның қылмыстық жауапкершілікке тартылуының алдын алу үшін мемлекеттік кірістер департаментінің жедел-іздестіру қызметі басқармасының қызметкерлеріне 5 млн теңге беру қажет екенін айтады. Алайда, Мұхамеджанов мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне 3 млн теңге беріп, 2 млн теңгені өзі қалтасына баспақ болған.
Бұған жәбірленуші өз келісімін беріп, 13-ақпанда сағат 20.00 шамасында адвокатқа 5 млн теңге береді. Келер күні, 14-ақпанда сағат 11.00 шамасында М. 3 млн теңгені тиісті адамдарға беріп, қалғанын өзіне қалдырған.
Облыстық сотта қалалық №2 сот қаулысы өзгерітіліп, адвокат сот залында тұтқындалды. Кепілдік ретіндегі 1 млн 134 мың теңге кепіл берушіге қайтарылды.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі