Қала күні екі тәулік тойланбақ

Қостанай қаласының 136 жылдығы биыл кең көлемде аталып өтілмек. Мәселен, 14 тамыз күні сағат 20:30 «Monstermaniya» бигфут шоуы қойылады. Еуропадан арнайы келген қонақтар жол талғамайтын алып көліктерімен қалалықтарды таң қалдырмақ ниетте. Ал, келер күні сағат 11:00 А.Байтұрсынов ескерткішінің алдында  «Балалықтың ғажайып әлемі» атты балалар шығармашылығының фестивалі жалғастырады. Суретші балалар ұжымының концерті мен түрлі ойындар ойнатылып, аттракциондар мен аквагрим бояулар ұсынылады. Сонымен қатар спорттық ойындар да ұйымдастырылмақ.  Алыптар волейболы мен футболы, балалар мен үлкендерге арналған көңілді спорттық сайыстары өткізіледі. Және де хот-дог әзірлеуден аспазшылар сынға түсіп, 1000-нан аса фаст-фудтың осы түрі пісіруді жоспарлап отыр. 0ала
Ал мәдениет және демалыс паркі, яғни, орталық саябақта «С любовью своими руками» атты «хенд мейд» шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұдане бөлек, қостанайлық жас ақындардың «Қостанайға арнау» атты мүшәйрасы ұйымдастырылады. Гүлге құмар жандар үшін Орталық алаңда Астана, Қостанай, Рудный және Санкт-Петербургтен әкелінген флорист гүлдермен әшекейленген бұйымдар, тірі гүлдермен безендірілген көліктер көрмесі өтеді. Сондай-ақ,  «Бәрі балалық шақтан басталады» атты бесік арбалар шеруі өтеді. Ең қызықты шаралардың бірі – «Туған күніңмен» атты шар фестивалі. 6 мерекелік агенттіктің ұйымдастыруымен 9 таңғажайып шарлар туындысы «Туған күніңмен, Қостанай» тақырыбында әуеге ұшырылатын болады. Осымен қатар, «Нан мерекесі», «Сүйікті қаламыз құшақ жаяды», «Кілем  ұлттық игілік пен қонақжайлықтың белгісі», «Жекпе жек», «Үй жануарлар» дефилесі, «MOTO-ROLLER» тобының қатысуымен концерттік бағдарламалар қойылады. 
Кешкі сағат 20:00 де «Туған күніңмен, Қостанай» деп аталатын мерекелік шоу басталады. Осы кеште «Армысың, менің Қостанайым» театрлық қойылым сахналанып, Ресей әншісі  О.Газманов әннен шашу шашпақ. Мерекелік шара отшашу мен би кешіне ұласады.  
 
Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓