Қостанай облысы тұрғындарының назарына!
Қазақстан Ұлттық Банкі өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп жүрген алаяқ топтардың белсенді әрекетке көшкенін хабарлайды. Қаскөйлерекінші деңгейдегі банктермен, Ұлттық банкпен немесе басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген басқаруға жеке тұлғалардың қаражатын тарту бағдарламаларын сипаттайтын мобильді қосымшаларды, сайттарды және жарнамалық роликтерді жасауға бейімделіп алған.
Мұндай жарнамалар – фейк.
Анықталған алаяқтық пиғылдағы ресурстар мен телефон қосымшалары Қазақстанның «мемлекеттік қорынан», «Ұлттық ресурстардан» немесе қаржы нарығын динамикалық болжаудан тез пайда табуды ұсынады. Сондай сайттарға өтініш қалдырған интернет-қолданушылар ақшасынан айырылатындай тәуекелге барады: алаяқтар алдымен оның жеке деректерін қолға түсіреді, сөйтіп телефон арқылы хабарласып, ақшаны өз реквизиттеріне аудартып алуға әрекет етеді. Сөйте тұра салынған қаражатты кері қайтару үшін қосымша ақша салуға қолданушыны тағы мәжбүрлеуі ықтимал.
Егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз осындай сайттарға, мобильді қосымшаларға тап болсаңыз немесе телефон алаяқтарының құрбаны болсаңыз – алаяқтық фактісі бойынша істі қарау үшін құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгінуді ұсынамыз.
Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасамайтынын, сондай-ақ "мемлекеттік қорларда" немесе "Ұлттық ресурстарда"ақша табу үшін қандай да бір платформалар әзірлеуге қатыспайтынын естеріңізге саламыз.
Растау үшін Ұлттық Банктың ресми байланыс орталығына 1477 қысқа нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуларыңызға болады.