Үнемделген қаражат – әлеуметтік дамуға

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы болып өтті. Онда депутаттар алдында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов қысқаша баяндама жасады.ереке
Басқарма басшысының айтуынша, экономикалық қиындықтарға байланысты 669 млн.459 мың теңге үнемделіп отыр, бұл қаражат облыстың әлеуметтік дамуына жұмсалатын болады. Мәселен, 31 млн.472 мың теңге Қостанай қаласындағы екі үйдің  (Узкоколейная 4/1 және Станционная 78) күрделі жөнделуіне, 20 млн. 684 мың теңге Денисов ауданының Крымсое селосындағы суқұбырын аяқтауға, 70 млн. теңге Затобол кентінің Ленин көшесі бойындағы су құбырын жөндеу жұмыстарын жалғастыруға, 33 млн. теңге Құшмұрын кентіндегі Кавкетаев көшесін жөндеуге, 5 млн. теңге Қарасу ауданының Челгашы орта мектебіне жиһаздар алуға, 2 млн. 800 мың теңге Қарасу ауданындағы Құндызды өзенінің арналары мен тоғандарын тазартуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, үнемделген қаражаттың басым бөлігі сметалық-жобалық құжаттарды түзетуге және өңдеуге, басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысын аяқтауға, тіркеу және безендіру жұмыстарына, балалар үйінің коммуналдық төлемдерін өтеуге, жылу жүйелерін жөндеуге, тұрғын-коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылыс-монтаждау жұмыстарына, 
түрлі әлеуметтік шараларға да жұмсалатын болады.

ақша

 
Сессия соңында халық қалаулылары бюджеттегі бұл өзгерістерді бірауыздан мақұлдады. Осылайша, үнемделген қаражаттың облыстың әлеуметтік дамуына оң серпін беріп, жекелеген мәселелерді шешуге мұрындық болатыны сөзсіз.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА
                                                                                                                                                           

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓