Қарабалықта жарма зауыты салынуда
Ауданға қарасты Тоғұзақ елді мекенінде жарма зауытының құрылысы жүріп жатыр. Бұл инвестициялық жобаның авторы – «СеверАгропродукт» ЖШС.
Нысан құрылысы маусым айында басталған еді, алдағы жылдың ақпан айында тұтынысқа берілмек. Зауыттың өнімділігі тәулігіне 55 тонна болады деп күтілуде. Жоба құны – 365 млн. теңге. Бұл соманың 65%-ы – серіктестіктің өз қаражаты, ал 35%-ы – «ҚазАгрофинанстан» алған қарыз. Қарақұмық жармасын негізгі жеткізушілер қостанайлық, павлодарлық, батыс қазақстандық және тіпті алтайлық өндірушілер (РФ) болмақ.
Жобаның инфрақұрылымы сан қатпарлы: қарақұмық електеу, өңдеу нысаны, бу қазандығы блогы, бункерлік парк, өнімдерді сақтау тұрағы, теміржол тұйығы және персоналдарды орналастыруға арналған кешен. Аталмыш зауыт 30 адамды жұмыспен қамтымақ.
Жандос Жүсіпбек