Көлік өндірісінің көлемі ұлғаймақ
Қостанайдағы көлік шығаратын «Аграмашхолдинг» және «СарыАрқа» кәсіпорындарына ҚР инвестиция және даму Министрлігі бастаған делегация келді.Оның құрамында Ақмола, Алматы облыстарының да өкілдері бар. Олар Тобыл өңірінде шығарылған жеңіл көліктермен қатар бірқатар жүк көліктері, өрт сөндіру, жедел-жәрдем сияқты заманауи қондырғылармен жарақтандырылған автокөліктерді құрастыру процесімен танысып,Қазақстанда жасалған көліктердің тұтынушылар сұранысына қаншалықты сай екендіктеріне көз жеткізді.Көрмеге қойылған дайын өнімдердің басым бөлігі таяу күндері сатылымға шығарылмақ.
-Мен бұл кәсіпорында осыдан 5 жыл бұрын болған едім.Сол кезде зауыт көлік шығаруды енді-енді қолға алып жатқан болатын. Қазір қостанайлық өндіріс бүкіл елімізге танымал. Оның шығарған көліктері еліміздің кез-келген өңірінде жұйткіп жүр. Үкімет еліміздегі автокөлік өндірісін жаңғыртуға 20 млрд теңге бөліп отыр. Бұл үлкен қолдау,-деді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.
AllurGroup автомобильдер компаниясының басқарма төрағасы Андрей Лаврентьев мемлекет көмегінің арқасында отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға және тағы осындай тың жобаларды жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер туып тұрғанын тілге тиек етті.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ