Жылыту маусымына әзірлік басталды

Дүйсенбі күні облыстық әкімдіктің аппарат кеңесінде кезекті жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды. Тиісті сала мамандарына «қыс қыр астында» екендігін ескерткен аймақ басшысы ешкімге де босаңсуға болмайтынын айтты.жылу
-Қазір облыстың барлық өңірлерінің 88 пайыз отынмен қамтамасыз етілді. Алайда осы мерзімде қысқы маусымға әлеуметтік нысандардың 60 пайызы дайын болуы керек еді, бірақ әзірше 48 пайызы ғана дайын. Проблемасы бар нысандарда болып тұрамыз. Қазір Тобыл стансасы, Денисов ауданы мен Қостанай қаласында жылыту құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізі дайындықты тамыз айында күшейтіп, қыркүйек айында сақадай-сай болуы керек. Осының орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырамын, – деді өңір басшысы.
            Барлық аудан-қаланың әкімдерімен осы мәселе бойынша әр бейсенбі сайын селекторлық жиын өткізіп, мән-жайды баяндап беруді облыс әкімінің орынбасары Ғауез Торсанұлына жүктеді
           
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓