Қош келдің, жеңімпаздар мерекесі! облыстық «Тың-2015» спартакиадасы жалауын көтерді

Жұма күні ақшамның қараңғысы түсе, облыстық ХХХ спартакиада ойындарының алауы жағылды. Затобол стадионына өңіріміздің түкпір-түкпірінен шараны тамашалауға халық өте көп келген екен. Сыйғаны сыйып, сыймағаны сыртта жүріп көруге мәжбүр. Ал стадионның кіре берісіндегі кәуаптан бастап, басқа да ыстық тағамдар мен сусындар сатып тұрған ұзыннан-ұзақ сауда қалашығы да салтанатты шараның көркін ашып-ақ тұр. 
Биылғы облыстық ХХХ спартакиада ойындарының ашылу салтанаты ерекше мәнерде өткенін айта кету керек. алау тұтату
алауКүнтізбемізде республикамыз болып тойлап жатқан атаулы мерекелер екі сағат бойы өткен шара барысында көрермендерге тарихи-танымдық көріністер ретінде сахналанып көрсетілді. Ұйымдастырушылар қазақ халқының ежелден қонақжай, меймандос ел екенін ұлттық бояумен әрлеп жеткізген екен. Соның бір парасы – ХV ғасырдың орта кезінде Көшпелі өзбектер мемлекеті әлсіреп, соны ұтымды пайдаланған Керей мен Жәнібек сұлтандар іргені бөліп, дербес Қазақ мемлекетінің негізін қалаған, оны кейінгі ғасырлардағы ұрпаққа аманат етіп қалдырған сахналық көрінісі. Бұл қойылым Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып отыр.халык ани
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған танымдық-сазды қойылым да өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, соғыс деген сұмның қайталануына жол берілмейді деген мағынада сәтті шыққан туынды болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы да түрлі ұлттардың биімен жалғасты. Ал бұл күн тәуелсіздік тарихында еліміздің ең үлкен мемлекеттік туының бірінің шеруімен есте қалатын шығар. Стадиондағы алаңның жартысын алып кеткен алып байрақты көрген жұртшылық орындарының тұрып қошемет көрсетіп жатты. Осы көріністердің барлығы сахнаның екі жағында тұрған ілеспе экрандардан көрсетіліп тұрғанын айта кеткен жөн.би
– Облысымыздағы жыл сайын өткізіліп келе жатқан спартакиада ойындары – қайбір аудан-қаланың немесе команданың спорттық жарыстарда жеңіске жетуі ғана емес, ең бастысы ол – барлығымыздың ынтымағымызды, бірлігімізді айшықтайтын шара. Ал мұндай шара халықтың ырыздығына, неғұрлым көңіл-күйіне қарай соншама әсерлі, тартысты өтеді. Спорт дегеніміз – біздің әл-ауқатымыздың қуатты, денсаулығымыздың мықты болғандығы. Ал осындай спартакиададан топ жарып, облысымыздың намысын республика мен одан тысқары шетелдерде қорғап жүрген үздік спортшыларымыз қаншама! – деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов құттықтау сөзінде.ашылуда - аким
Аймақ басшысы спартакиаданың биылғы қожайыны – Қостанай ауданының әкімдігіне, ұйымдастырушыларға алғысын айтып, өңіріміздің барлық аудан-қалаларынан келген командаларға сәттілік тіледі.командалар ортада
ХХХ спартакиада ойындарының ашылу салтанатының көрігін облысымыздың мақтанышы, әсіресе, жарыс өткізуші ауданның символы әрі бойтұмары саналатын Қостанай жылқысының шеруі, аттың құлағында ойнаған шабандоздардың «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Теңге алу» ұлттық ойындарынан шашу еткен көріністері көрерменді бір серпілтіп тастады. Айтпақшы, бұл күн алғаш рет Қостанай ауданының әнұраны орындалды. Әнін жас сазгер Жарқынбек Деріпсалдин жазған болса, мәтін авторларының бірі – әріптесіміз, ақын Нұрболат Мешітбаев екенін айта кету керек.
лазерАл түн ортасында Затоболдың аспанын сан түрлі-түсті отшашу көмкерді.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓