Вагоншалар өндірісі басталды
Рудный қаласында "ССКӨБ" АҚ вагон-арба шығаруды қайта қолға алды. Бұл туралы кәсіпорынның корпоративті коммуникация қызметі хабарлайды.
Сыйымдылығы аз ашық вагоншалардың сынама партиялары ERG-дің тағы бір кәсіпорыны – "Қазхром" трансұлттық компаниясы" Дон тау-байыту комбинаты үшін шығарылды.
Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауытының жұмысшылары вагон-арба жасау технологиясын қайтадан еске түсірді. Олар осыдан бірнеше жыл бұрын мұндай өнімді ССКӨБ бөлімшелерінің бірі – "Соколовская" шахтасы үшін шығарған еді. Сапалы жасалған вагоншалар сол кезден бері ақаусыз жұмыс істеп келеді.
"Сызбасын қолға алып, оны әлде де жетілдіріп, жұмысқа сол бағытта кірісуді ұсындық. Жобаның конструкторлық және технологиялық пысықталуы зауыттың өндірістік мүмкіндігіне сай жүргізілді", – дейді Жөндеу-механикалық металл илемдеу цехының басшысы Андрей Генрих.
Сегіз вагон-арбадан тұратын алғашқы партия дайын. Оған екі ай уақыт жұмсалған. Өнімді шығаруға зауыттың құйма және жөндеу-механикалық цехтары қатысқан. Металлургтар, дәнекерлеушілер, газбен кесушілер, слесарлар мен токарлар тізе біріктіре жұмыс істепті. Өндірушілер вагон-арбалардың кем дегенде жарты жылдай мінсіз жұмыс істейтініне сендіріп отыр. Жақын арада Дон кен байыту комбинатына тауарды пайдалану және бағалау үшін вагоншалардың эксперименттік топтамасы келіп түседі. Жөндеу-механикалық металл илектеу зауытының қызметкерлері өз өнімдерінің сапасына күмән келтірмейді және 2022 жылға арналған вагоншалардың қажетті санын жеткізуге шарт жасасуға ниетті.