Мемлекеттік қызметке келгендер бірден басшы бола алмайды

 

Елімізде мемлекеттік қызмет реформасы жасалды. Бұл Елбасының биылғы 100 нақты қадам бағдарламасының шеңберінде жасалып отыр. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бұл реформаның барлық қағидасын таныстыруға көшті. Мемкызмет-1Олар Қостанай облысындағы барлық мемлекеттік органдардағы кадр қызметтеріне олардың жұмысының қалай өзгеретінін село, аудан, қалаларда мемлекеттік қызмет саласында жұмысын енді ғана бастаған мамандарға түсіндіруді бастайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Рүстем Болатовтың айтуынша, Қазақстанда мансап моделіне өту жоспарланып отыр. Оның аясында мемлекеттік қызметке бірінші рет келіп отырғандар өз кәсібін ең төменгі қызметтерден бастайды. Қызмет бабымен алға қарайы өсуі жеңілдетілген тәртіп бойынша ішкі конкурстың негізінде және қысқа мерзімде жүзеге асып отырады.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓