Реформа жанкелдиндіктерге де насихатталды

Ұлт жоспары жер-жерлерде талқыланып, жергілікті тұрғындарға кеңінен насихатталуда. Осы мақсатта  ауданымызға арнайы келген Арқалық аймағы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық бөлімінің кеңесшісі Азамат Оташев әкімдікте мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен жүздесті. Мәжіліске “Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам” реформасын қалай жүзеге асыру керектігі әңгімеге арқау болды.Торгайдан
Жан-жақты талқылап, түсінік берген Азамат Сейтқалиұлы шет елдердің озық тәжірибесін негізге ала отырып, ел ішіндегі мемлекеттік қызметке деген азаматтардың сенімін бекітуге бағытталған басты шараға тоқталды. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау қарастырылғандығын, этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу, жегі құртқа айналған жемқорлыққа қарсы күресті күшейту керектігін айтты. Жаңа заңнамаларды әзірлей отырып, жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру мәселелерін тілге тиек етті.
Мәжіліс барысында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тарапынан мейманға сауалдар қойылып, келелі сұхбаттар өрбіп, қажетті тақырыптардың барлығы қамтылды.
                                                                
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
                                                                      Жанкелдин ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓