Зейнетақы жаңаша есептелетін болды
Мемлекет басшысы зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл заң зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған. ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Қостанай облыстық филиалының бөлім басшысы Ж.Бимырзинаның хабарлауынша бұл заңда базалық зейнетақының төлемін тағайындау тәртібі өзгереді. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана тағайындалатын болады. Сонымен қатар өңірімізде 120 мың зейнеткердің зейнетақысы қайта есептелетін болады.