4 жоба жүзеге асты
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алтынсарин ауданында ауыз сумен қамтамасыз етудің 4 жобасы аяқталған. Аудан әкімі Ерлан Жаманов 2020 жылы жүзеге асырылған жобалар туралы айтты.«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде ауыз су Шоқай, Сатай, Красный Кордон, Новоалексеев, Докучаев ауылдарына тартылған. Ауданның сумен жабдықтау нысандарын іске асыруға бюджеттен 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазір мұндағы 25 ауылдың 16-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Яғни, аудан тұрғындарының 79,6%-ы сапалы су ішіп отыр.
Ауылдарды газдандыру жұмысы да жалғасуда. 2020 жылы «Қосқұдық ауылында газ тарату желілерінің құрылысы» жобасы іске асырылып, пайдалануға берілді. Елуге тарта үй (219 адам) газға қосылды.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы Силантьев елді мекеніндегі стадион жаңартылды. Күрделі жөндеу жұмыстарына 533 млн 829 мың теңге жұмсалды. Стадионға 748 көрермен сыяды. Оның ішінде мүгедектерге арналған 12 орын, жасанды жабыны бар футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары, резеңке жабыны бар жүгіру жолдары салынған.