Би-ағаңның елінде

IMG_2637

Би-аға ескерткіші қасында

Лисаков қаласынан соң редакция ұжымы бірден Таран ауданына бет алды. Таран ауданы біздер үшін тым ыстық. Себебі, бұл "Қостанай таңы" газетінің негізін қалап кеткен Би-аға, Бейімбет Майлиндей тұлғаны дүниеге әкелген жер. Аудан орталығында жазушының ескерткіші тұр. Газеттің бас редакторы Ж.Аязбеков пен орынбасары С.Меңдібай ескерткіш басына барып тағзым етті. Таран ауданындағы "Қостанай таңы" газетінің күндері осылай басталды.
Оқырманмен жүздесу: оймақтай ой
2

Торғайбай УӘЛИҰЛЫ,
зейнеткер:
Таран ауданына барша қазақ елінің азаматы Бейімбет Майлин атауын бере алмай келеміз. Ол кісінің атында аудан түгелі жөні түзу бір көшенің аты да жоқ. Ал осындағы қазақ мектебіне М. Дулатов есімін берсек. Газет арқылы өркеніміз өсе берсін.

5

Жаңагүл ЕСБОЛОВА, мұғалім:
Қостанай таңы өзінің алтын дәуірін бастады деп ойлаймын. Бас редактор әлемі айдарында қазақтың рухын көтеретін мәселелер қозғалады. Газетте жұмыс істейтін журналистердің еңбегіне ризамын.

13

Рәшила КӘЛЕНОВА,
зейнеткер мұғалім, ҚР оқу ісінің үздігі:
Әрбір санын күтіп оқимын. Тағзым, Зерде беттері өте ұнайды, мектепте сабақ барысында балалардың тәрбиесіне қолданып отырамыз.

15

Ерболат ЗЕЙНЕЛОВ, мұғалім:
Газет бетінде жастар мәселесі көп қозғалады. Алдағы уақыттарда қала, ауданнан бөлек шалғай ауылдарда еңбек етіп жүрген жастардың мәселелері жазылып, жарық көрсе деймін.

11

Күлсара ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА, мұғалім:
Қостанай таңы газетін үзбей оқып отырамын. Жас тілші айдарымен жастардың мақалалары көп шығып тұрса деймін. Өмір өзен айдарымен берілетін мақалалар көңілімнен шығады.

12

Сәрінжіп ДАЙЫРОВ,
зейнеткер:
Кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай шежірелі дүниелерді газет бетінен көп көреміз, сүйсіне оқимыз. Осындай мақалалар көп бола берсін. Және тағы айтарым, Бейімбет атамызды насихаттай түссеңіздер.

9

Марат АҒЫБАЕВ,
зейнеткер:
Осы жердің атауын Бейімбетке қиюға болады. Бірақ, бірақ… Сол кісінің аруағын разы қыла алмай келеміз. Қолдаңыздар. Халыққа шындық керек.

10

Нұрғали САДЫҚҰЛЫ, зейнеткер:
Елім, атамекенім деп келген оралман бауырлар туралы көп жазсаңыздар. Елге сіңісіп кетулеріне жол ашсаңыздар.

3

Динара СЫЗДЫҚОВА, аудандық білім бөлімінің әдіскері:
Газет бетінен заң, адамның құқығы, баланың, әйел адам құқығы жайында мақалалар легі көбірек жарық көрсе нұр үстіне нұр болар еді.

8

Марат ШОҢҒАЛОВ, аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері:
Өте күшті мақалалар жарық көреді. Бірақ бүгін сіздердің алдарыңызда 260 дана дегенге мен ұялып отырмын. Келер жылы аудан тұрғындары мың данаға жет-кізеді деп ант беремін.

 
Сахна төрінен редакция басшылары сөз алып, көпшілікпен таныса отырды. Аудан әкімінің орынбасары А.Қалиев мырза көңілінде жүрген ойын білдірді. Осылайша жинал-ған қауыммен сұрақ-жауап, қызу пікірталас басталды да кетті.
Таран ауданында 36 мың халық бар десек, соның тек 10 мыңға жуығы ғана қаракөздеріміз. Көпшіліктің арасында тұрған микрофонға дамыл болмады. Жиналған қауым бірінен-бірі іліп алып, сұрақтарын, ұсыныстарын, тілектері мен ле-біздерін, сыни көзқарастарын да білдіре бастады. Таран ауданында негізі өзге ұлт өкілдері тұрады. Ал газетке жазылушылардың саны 260 дана. Кездесуге мен қазақпын деген азаматтар жиналды.
Ашық сұхбат кезінде жиналғандар "Қостанай таңының" таралымының кеңеюіне атсалысуға мұрындық болуға келісті. Газеттің жанашыры Таран аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Марат Шоңғалов: "36 мың халқы бар ауданға 260 дана жаздырып алу ұят, келер жылы бұл көрсеткішті мың данаға жеткізу керек" деген сөз айтты. Оқырман қауым қолдап, ашық әңгіме де өз мәресіне жетіп, көпшілік ашық-жарқын газеттің ұжымына алғыстарын білдірді. Сұрақтарын хатпен жеткізіп жатқандар да аз болмады. Оларда: "Зерде" беті қашан шығады, кішкентай бүлдіршіндерге арналған айдарлар, байқаулар ұйымдастырыла ма, салт-дәстүрімізді берік ұстанған отбасылар туралы мақалалар жиі шығып тұрса…" деген ұсыныс, пікірлер болды.
IMG_2946

Жас тілшілер

Әдеттегі дәстүр бойынша Таран ауданында "Жанашырлар клубы" құрылды. Олардың қатарында зейнеткер Марат Ағыбаев, мұғалім Күлсара Құлмағанбетова, жас оқырман Ерболат Зейнелов және осы клубтың төрағасы ретінде Марат Шоңғалов тағайындалды. "Жанашырлар клубының" мүшелеріне Бас редактор Жанұзақ Аязбеков газет тілшілерінің қолындағыдай Туы-мызбен түстес көгілдір куәлікті табыс етті. Бұл азаматтар келешекте редакция ұжымымен тығыз байланыс орнатып, газеттің таралуына жол ашпақ.
Ал жас тілшілерге Бас редактордың орынбасары Сәлім Меңдібай "Жас тілші" деген куәлік табыстап, ақ жол тіледі. Олардың қатарында: Сәуле Жәмшитова, Сандуғаш Нұрғалиева, Шолпан Мәдиева, Ділназ Қартабаева есімді әдемі қыздар бар. Сіңілдеріміз үшін бұл айтулы күн деп ойлаймыз. Мүмкін олар осы күннен бастап алдарына үлкен мақсат қояр. Газет өмірімен араласа жүріп, болашақта журналист атанып, қолдарына қалам ұстар.
 
"Қостанай таңы" газетінің Таран ауданындағы жазылу данасы мыңға жетсін"
"Келер жолғы жүздесу Таран емес, Майлин ауданында өтуге жазсын"
"Таран ауданында 24 жыл тұрсам да осындай кездесу алғаш өтіп отыр"
 
Би-аға ескерткіші қасында
Жас тілшілер
Бетті дайындаған Айтолқын Айқадамова
 Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓