Облыстық фестиваль өтті

DSCN1603Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында тың игерудің 60 жылдығына арналған "Туған жерім, Тың өлкем" атты XXVIII облыстық халық шығармашылығы фестивалі өнер көрігін қыздырды.
Оған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Л.Сероус, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның директоры А.Евсюков,   аталған  филармо-нияның қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің дирижеры Н.Молдахметовтер бастаған бір топ қонақтар қатысып, қазылық жасады.
Фестивальде қаланың мекеме, кәсіпорындары мен оқу орындарының арасында өткен байқаулардың жеңімпаздары бақтарын сынады.
Экраннан өңір өнерпаздары туралы слайд көрсетіліп, сахна тақырыпқа сай безендірілді.
Торғай гуманитарлық колледжі жанынан құрылған "Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі" (жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері Б.Әбенов), "Аққайың" қобызшылар ансамблі (Л.Досжанова), "Ақбота" халық би ансамблі (А.Балғынбае-ва, И.Зайко), "Аңыз" би ансамблі (А.Жанкишева), "Сарыарқа сазы" (Ы.Есжанов), "Атамұра" (Ә.Ақан) қазақ ұлт-аспаптар ансамбльдері, "Шолпан" қобызшылар квартеті (Р.Хасенова), "Інжу-Маржан" тобы (Қ.Жақыпбекқызы), "Қыздар-ай" триосы (Б.Тұрманова), хор ұжымдары (Ә.Сарманова, Д.Қауметова), "Арқа жұлдыздары" вокалдық тобы, термеші Ж. Жармағанбетова, әнші М.Тұр-сынбек қазылардың жоғары бағасын алып, өнердің биік шыңынан көріне білді.Фестиваль тақырыпты толықтай ашып, Елбасымыздың "Мәңгілік ел" идеясымен үндесті.
Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
  Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓