Суға батып кетті

Қайғылы жағдай облыс орталығындағы "Мохито" демалыс базасында болған. 28 жастағы жігіт жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, куәгерлер 23 маусымда сағат 1:20 шамасында 1994 жылғы жігіттің суға батып бара жатқанын байқап қалып, жағаға алып шыққан.
"Ол шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түсіп жүріп, шамамен сағат 1:15 кезінде жоғалып кеткен. Бес минуттан кейін табылып, жағаға шығарылыпты. Базаға достарымен демалуға барған", – дейді департаменттегілер.
Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Бірақ ол жедел жәрдем көлігінде қаза болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓