1370 жаңа жұмыс орны құрылған

Облыста Ауыл шаруашылығын қолдау қорымен кәсіпкерлерді шағын несиемен қамту жалғасын табуда.фонд кредит
Шілде айының басындағы мәліметке жүгінсек, 129 кәсіпкердің өтініші қабылданып, ортақ сомасы 261 млн теңге несиелік қаржы облысқа аударылыпты. Ал бүгіндері қор 605 млн теңгенің өтінімін қабылдап, мақұлдаған.
Жалпы, несиелендірудің негізгі мақсаты, өткен жылдардағыдай, мал шаруашылығын дамыту болып қала береді. Дегенмен, шағын несиелер өнеркәсіптік өңдеу, қызмет көрсету саласы және өзге де салаларға да бағытталуда. Ең басты ғанибеттің бірі – несие алушылардың арқасында 1370 жаңа жұмыс орыны пайда болған. Ол орындарға, жұмыспен қамту орталығының бағдар сілтеуімен, 402 адам орналасты.
Кәсіпкерлік негіздерінен 100 адам оқыту курстарынан өтіп, соның 37-сі өз істерін ашуға шағын несиелер алып отыр.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓