Субсидия төленеді

Қостанайлық диқандар үшін  алыс және жақын шетелдерден жоғары өнімді тұқым сатып алудың мүмкіндігі туды. Енді Үкімет өзге мемлекеттерден әкелінетін дәнді дақылдар тұқымдарының 50%-ін мемлекет субсидиялайтын болды. Бұл шаруалар үшін тиімді. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов «Qostаnаi — Adaldyq Аlаny» жобалық кеңсесінің алаңында өткізген бейнекеңесте осылай деді.2019_04_26_040910327600
Басқарма басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен аграрлық-өнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдаудың маңызы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Биыл облыста саланы дамытуға  34,2 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 900 млн теңгеге артық. 2020 жылы бірегей және элиталық тұқымдарды субсидиялау нормалары құнының 70%-ке дейін ұлғайтылды, бұл тұқым шаруашылықтарының тұқым сатып алуын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
– «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы егіс жұмыстарын несиелендіруге 23,9 млрд теңге бөлінді. Тауар өндірушілер қазірдің өзінде 20,9 млрд теңге сомаға өтініш берді. Оның 17,3 млрд теңгесі мақұлданды және өз иелерін тапты. Жыл сайын қаржыландыру көлемі ұлғайып келеді. Өткен жылға қарағанда 12 млрд теңге артты, – деді Ж. Тәукенов.
Субсидия алу кезінде кәсіпкерлердің құқығы бұзылған жағдайда «Protecting Business and Investments»  жобалық кеңсесіне 54-46-24, немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call -орталығынның 1424 нөміріне хабарласуға болады.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓