Туған күніңмен, Лисаков!

Лисаков қаласының құрылғанына биыл 44 жыл. Аталмыш шаһар республика бойынша тазалығымен ерекшеленеді. Көпшілік арасында «кеншілер қаласы» деген атауы тағы бар. Міне, осы қаланың туған күні өткен сенбіде барынша сән-салтанатымен аталып өтті. IMG_6141Мерекелік іс-шараға «Қазақстан Алюминийі» АҚ КБКБ-ның 65 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келді. Осынау іс-шараға облыс әкімі Нұралы Садуақасов арнайы қатысты. IMG_6147 Лисаков тұрғындары асыға күтетін мерекенің бірі де бірегейі-Қала күні. Жыл сайынғы іс-шара биыл да өз жалғасын тапты. Бұл күні үлкен-кіші орталық алаңға шығып,  түрлі іс-шараларға қатысты. Қаланың кіре берісіне тегілген киіз үй салтанатты шараның басталғанын білдіріп-ақ тұрды. Алыстан келген қонақтарды киіз үйдің өнерпаздары қарсы алып, ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетті. Өзге де мерекелік шаралардың санында шек жоқ.IMG_5918 Бірінен бірі асып түседі. Мәселен, орталық стадионда мотожарыстан ҚР чемпионаты өтті. Оған еліміздің Алматы, Астана, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Қостанай, Лисаков, Рудный қалалары мен көршілес Ресейдің Челябі, Уфа, Қорған, Екатеринбург, Омбы қалаларының спортшылары қатысты. IMG_5891 Барлығы 46 мотошабандоз бақ сынады. Соның ішінде Алматы қаласынан келген бір қыз бала бар. IMG_5945Дәл осы күні Лисаковтың аспанында ән қалықтады.   Таңертеңгі тоғызда басталған мереке  түнгі он екіге дейін жалғасты. Шаһардағы салтанатты іс-шараға облыс әкімі Н.Садуақасов арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.  
-Қаланың өткен тарихында әрбір азаматтың өлшеусіз еңбегі қалды. Соның арқасында шаһардың әлеуметтік-экономикалық саласы қарыштап дамыды. Мұндағы өндіріс ошақтарында мыңдаған жұмысшы тер төгуде. Олар қаланың ертеңі үшін еңбек етуде,-деді облыс әкімі Н.Садуақасов. IMG_6180 Мерекелік концертте «Қазақстан Алюминийі» Краснооктябрь боксит кен басқрамасының үздіккеншілері  облыс әкімінің грамотасымен марапатталды. Адал еңбектерінің арқасында абыройға бөленіп жүрген жандар өңір басшысының қолынан мақтау қағаздарын алды. IMG_6209Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтар да ескерусіз қалмады. «Балақай» балаларды дамытуға арналған шағын орталығы» ЖШС директоры Любовь Захарова және «Қазақстан Алюминийі» АҚ Белин боксит кені филиалының механигі Алексей Мищенкоға «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. IMG_6197Игі шаралар мұнымен толастаған жоқ. Шаһардың 6а шағынауданда спорт алаңы, 11 шағынауданда жастар саябағы ресми түрде ашылды. IMG_5877Ретро-автомобильдер мен карнавалдық шеру көпшіліктің көңілінен шыққаны сөзсіз. Мәселен, автомобильдер шеруіне 1979 жылға дейін шығарылған жеңіл көліктер қатысты. Автомобильдерді шыққан жылына қарап көне демесеңіз сырты жаңа әрі жүріп тұр. IMG_5887Кешегі күннен бүгінге жеткен ретро-көліктер «Үздік жеңіл көлік», «Көрермендер көзайымы», «Кеңестік автопромның жұлдызы», «Салонның үздік дизайны», «Байқаудың абсалюттік жеңімпазы» аталымдары бойынша сыналып, иелеріне ақшалай сыйақылар берілді. «Үздік жеңіл көлік» аталымында 1948 шығарылған Газ М20 көлігі жеңіске жетті. 1963 шыққан Москвич 403 маркалы жеңіл көлікке «Көрермендер көзайымы» атағы берілді. «Кеңестік автопромның жұлдызы» аталымында 1948 жылы шыққан Зиль 12 көлігінің иесі марапатталды. «Салонның үздік дизайны» аталымында 1958 жылы Москвич 410 үздік шықты. 1969 жылы шыққан Газ21 «Байқаудың абсалюттік жеңімпазы» атанды.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓