Құрылыс қоспасының өндірісі іске қосылды

Жітіқара ауданында «Альта» құрылыс қоспасының өндірісі іске қосылды. Елімізде хризотил ұнтағы қосылған мұндай өнімнің бұрын-соңды жасалмағанын айта кеткен абзал.
Аталмыш ұнтақ  «Қостанай минералдары» АҚ өндіретін кен өнімдерінен жасалады. Талшықтан құралған шикізат  отқа төзімді және арнайы қорғаныс құралдарын жасауға пайдаланады.  Құрылыс қоспаларына хризотил бірқатар ерекше қасиеттер береді.1776260384
Ең бастысы шикізаттың үнемділігі. Оған ұсқас қоспалармен салыстырғанда бір келі қоспамен ауқымды жерді жабуға болады. Беріктігі, жылу өткізбеу және иілгіштігімен де ерекшеленеді. Сондай-ақ, дыбыстан және жарықтан қорғау қасиетіне ие.
Құрылыс қоспасы ғимараттарды, өндіріс нысандары мен жертөлелерді қаптауға арналған.  Жобаны іске қосу үшін 18,5 млн.теңге жұмсалды. Оның 1,5 млн. «Шағын қалалардың дамуы» гранттық қаржыландыру шеңберінде алынды. Сонымен қоса, «Қостанай минералдары» АҚ қоржынынан қаржы шығарылған. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓