Қоғамдық көлікпен жүру қауіпті

            Қостанайда 10 автобус жүргізушісі көлік басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін ұсталды. Бұл «Автобус» операциясының бір күндік нәтижесі.  Облыс бойынша алты айда темір тұлпар рөлінде отырып, телефонмен сөйлескен 2523 жүргізуші  жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілерінің ереже сақтамайтынын айтады. Әрине мұның салдары қайғылы оқиғаға әкеп соқтыратыны аян. uSWNmhTmrY8Жолаушы тасымалдаушы көліктердің қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 28-30 шілде аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Алғашқы күні ЖЖЕ бұзған 53 қоғамдық көлік жүргізушілері ұсталды. Сонымен қатар техникалық жағынан пайдалануға мүлде жарамсыз Арқалық қаласындағы бір автобусқа жолда жүруге тыйым салынды.
Жол көлік оқиғаларының басым көпшілігі көлік жүргізушісінің ұқыпсыздығынан болады. Әсіресе ұялы телефонмен сөйлесу адамның зейінін бөледі. Сондықтан темір тұлпар басқарып келе жатқанда қасындағы адамдардың өміріне жауапкершілікті ұмытпаған абзал. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓