Жаңа жобаларға жол ашық

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов облыс орталығындағы өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді айтып, осы жылдың даму бағытын баяндап берді.IMG_8351
Қостанай қаласы – облыс экономикасын алға сүйрейтін өндірістердің шоғырланған орны. Есепті жылы қала кәсіпорындары 450,5 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл 2018 жылға қарағанда 150 млрд теңгеге артық. Жыл басынан бері Қазақстанда 49 мыңнан астам көлік құралы нарыққа шығарылса, олардың жартысынан көбі Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» зауытына тиесілі. Кәсіпорын 26 мың автомобиль, 355 бірлік астық жинайтын комбайнды сапқа қойды. Бұл көрсеткіш зауытты отандық автоөндірістегі көшбасшы орынға шығарды.IMG_8365
– Былтыр қалада 902 мың тонна ұн, 45 мың тонна кондитерлік өнім, 71 мың тоннадан астам сүт өнімі өндірілді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5%-ға өсті. Шағын және орта бизнесте де өсім бар. Облыс орталығында 47 ірі, 104 орта, 5 мыңнан астам шағын кәсіпорын және 19 мың жеке кәсіпкер жұмыс істейді. 2019 жылы 267 жаңа кәсіпорын тіркелген, 551 жаңа жұмыс орны құрылды. Ірі және орта бизнес кәсіпорындарында 50 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 80 жоба мақұлданды. Сонымен қатар, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы өткізетін «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 114 адам бизнес оқуынан өтті. 2019 жылы Қостанай қаласының әкімдігі аз қамтылған отбасыларды несиелеу үшін өтінімдер қабылдауды жүзеге асырды. 114 отбасы 903,8 млн теңгеге келісім-шарт жасау үшін банктен рұқсат қағазын алды. Бүгінде аз қамтылған отбасыларға 402 млн теңге сомасына 51 несие берілді, – деді қала әкімі.IMG_8265
Қостанай қаласында дәрігерлер тапшы. Былтыр Қостанай қаласына облыстың басқа өңірлерінен 106 дәрігер келді. Оларға тиісті жағдайлар жасалып, көтермеақы төленді. Бірақ соған қарамастан, қалада дәрігер тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта қала емханаларына 187 дәрігер жетіспейді. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник бұл сұрақтың кешенді түрде шешімін табатынын жеткізді. Өйткені, қазіргі уақытта басқарма мамандары медицина институттарының түлектерімен келісім-шарт жасасуда. Аймаққа келген дәрігерлерге пәтер беріледі.
Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 3000 орындық «Тобыл Арена» жабық футбол манежінің құрылысы аяқталды. Жаңа спорт ғимараты UEFA стандарттарына сай. 2020 жылы МЖС жобалары аясында «Юбилейный» шағын ауданында 2500 көрерменге арналған Мұз сарайының және «Береке» шағын ауданында 50 метр бассейн құрылысы жалғасады.
IMG_8282
Өңір экономикасының дамуына Қостанай қаласы айтарлықтай үлес қосып отыр. Кездесу барысында әкімге залдан түскен сұрақтың дені әлеуметтік мәселелерді қозғады. Ең алдымен, қаланың шетінде орналасқан шағын тұрғын аудандардағы жол, жылу, жарық мәселелері алдымен сөз болды. Қалаішілік автобус қозғалысы туралы сұрақтар қайталанды.IMG_8295
«Былтыр Қостанай қаласына облыстың басқа өңірлерінен 106 дәрігер келді. Оларға тиісті жағдайлар жасалып, көтермеақы төленді. Бірақ соған қарамастан, қалада дәрігер тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта қала емханаларына 187 дәрігер жетіспейді», – деді қала әкімі.
Кездесуде айтылғандай, биыл қалада жол жөндеу жұмыстарына айрықша мән беріліп, бірқатар әлеуметтік нысандар жаңартылады. Қайрат Ахметовке тұрғындар тарапынан көбіне ауызсу, қоғамдық көліктерге қатысты сауалдар қойылды.IMG_8378
 
IMG_8434– Бір жылдары біздің облыстың басқа сағат белдеуіне ауысатыны туралы хабар тарады. Осы мәселе қаншалықты рас? – деп сұрады облыстық СПИД орталығының маманы Оксана Малышева.
Қайрат Ахметов бұл сауалға әкімдік нақты жауап бере алмайтынын айтты. Себебі, бұл – Үкіметте қаралатын мәселе. Ол үшін сағат белдеуін ауыстыру туралы бастамашыл топтан ұсыныс түсуі тиіс.
«Қостанай-2» мөлтек ауданының тұрғындары газдандыру проблемасын көтерді. Бұл сұраққа облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жауап берді.IMG_8481
– Орынбасарым Ерлан Спановқа тапсырма бердім. Жетпей тұрған 93 млн теңгені бюджеттен артылған қаражаттан бөлеміз. Биыл сіздердің шағын аудандарыңызға газ толығымен жетеді, – деді аймақ басшысы.
«Алтын Арман» шағын ауданының ақсақалдары қала басшылығынан мешіт салып беруге ықпал жасауды сұрады. Архимед Бегежанұлы мұның бір-екі жылда шешілетін мәселе емес екенін айтты.
– Қаражат тауып, мешітті саламыз. Кейін оны күтіп-ұстау жұмыстары мен қызметкерлеріне жалақы төлеу міндеттерін кім мойнына алады. Қалада бірнеше мешіт жұмыс істеп тұр. Сондықтан «Алтын Арманда» жақын жылдары мешіт салынады деп айта алмаймын. Шыдамдылық танытыңыздар, – деді Архимед Мұхамбетов.
КСК шағын ауданының тұрғыны көшелерді қайта атау үрдісін доғару керектігіне тоқталды. Қайрат Ахметов бұл істің депутаттар мен тұрғындардың бастамасы арқылы іске асып жатқанын айтты. Қала әкімдігіне келген әрбір ұсыным хат қаралып, халық қалаулыларының талқысына түседі.IMG_8426
Кездесуде қала тұрғындары жеке сұрақтарын да қойды. Қайрат Ахметов сауалдардың барлығына жауап берді,  көтерген мәселесіне орай тұрғындарды қабылдауға, оларға көмек беруге дайын екендігін, өткір мәселелердің шешімін қарастыратынын айтты.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓