Пайдасы мол “жемістер”
Бүгін “Емшан” сауда орталығында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының ұйымдастыруымен “Өзіңді туберкулезден қорға!” деген ұранмен жемістер акциясы өтті. Шараның мақсаты – халықтың осы ауру туралы хабардар болу деңгейін арттыру, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын және дене белсенділігін насихаттау.

Акция барысында түрлі жеміс-жидек костюмін киген мамандар сауда орталығына келгендерге дерт туралы, оның алдын алу және сақтану жолдары жайлы жазылған үнпарақтар таратып, келушілермен суретке түсті.

-Біз бүгінгі шараға жеміс-жидек костюмдерін кездейсоқ таңдаған жоқпыз, осы арқылы қала тұрғындарының назарын дұрыс және тиімді тамақтануға аудардық. Өйткені, біздің иммунитетімізге аурулармен күресу үшін пайдалы дәрумендер мен минералдар қажет, – дейді орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Д.Есентаева.


Айдана МАРАТ
ҚМУ-дің 3 курс студенті