13 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші 2 айға қамауға алынды

Қостанай қалалық соты Вячеслав Девинге қатысты үкім шығарды. Оған адам өліміне әкелген жол көлік оқиғасына  және билік өкіліне күш көрсету баптары бойынша айып тағылып отыр. Енді ол 2 айға қамауға алынды.Девин-640x512
В. Девин жол көлік оқиғасынан кейін, оны полицияға жеткізу кезінде  қызметтік патрульдік көлікте полиция қызметкеріне күш көрсетіп, қарсылық танытқан. Ол бәкімен сержанттың денесіне бірнеше жерден жаралаған. Жол көлік оқиғасына кінәлі тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған тағылған айыптың бір ғана бабы бойынша В.Девин 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Естерңізге салсақ, 25 шілде күні 39 жасар В. Девин мас күйінде көлік басқарып, 13 жасар Әлішер Саматовты қағып кетті. Алған жарақатынан жасөспірім сол жерде көз жұмды.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓