Көрікті жағалау – қаланың ажары

Танымдық аймақта биіктігі 20 метрге дейін жететін шамшырақ түріндегі телескоп мұнарасы орнатылып, ол жағалауды түгел көруге мүмкіндік береді. Жағалаудың үлкен бұрышы еліміздің тарихы, табиғи-климаттық жағдайы, жер қыртысы, сәулеттік орындарын көз алдыңа келтіретін Қазақстан картасына арналады. Танымдық аймақта сонымен қатар, көрме галереясын, естелік саяжолын, "тастар бағын" орнату жоспарланған.
Кіреберісі қаланың дамуын бейнелейтін стеладан басталатын салтанатты аймақтың ортасы аспалы көпірлер, амфитеатр, ротондаларға ұласып кетеді.