Жүзден жүйрік

Қостанайлық Мәулен Кәдіров пен Мария Кунщикова «Bala Turkvizyon-Казахстан» ән жобасының жартылай финалына өтті. AklvtzaD8k4h2WDZyOfuEMsIRXX6PqzBdwXjXXIk00OkБұл жобаны ұйымдастырушы Әлия Назарбаева екенін айта кетуге болады.
Байқаудың мақсаты – қазақ мәдениетін әлемге паш ету. Талантты жастардың бағын ашу. Әнге деген қызығушылықты ояту.AjGOJICRqTJIHedetE2cLtJCPKD7ag0seDtsLhBLzTTG
Еліміздің түкпір-түкпірінде іріктелген сайысқа тек қана 8 бен 13 жастың аралығындағы балалар қатысатын көрінеді. Сол бәйгеге қостанайлықтардың бағы жанып, жартылай финалда өнер көрсететін болды.AqhveXiaHyHEm-JGjcQPyZr4jkTLw8B-aOaUsp_tMgrD
Мәулен өңірге, елімізге белгілі әнші Манапбек Кәдіровтің ұлы. Изображение 037Ұлының бәйгеде озып шыққанына қуанған әкесі:
– Баламның талантын бұрыннан біліп, байқап жүрмін ғой. Бірақ қатарынан оза шауып, бәйге алатынын күтпедім. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Баласы атқа отырса, тақымын қысатын қазақтың бірі болғасын ризашылықпен айтып отырмын,- деді Манапбек Кәдіров.Изображение 036
Жолдамаға қолы жеткен балғындар енді Алматы қаласындағы «Жұлдыздар үйіне» аттанбақшы. Мұнда кәсіби дайындықтан өтіп, 16-17 қыркүйек айында Астана қаласында жартылай финал мен ақтыс сайыста өнер көрсетеді. Кішкентай талантты жандардың ойы – Түркияның Стамбул қаласында өтетін балалардың халықаралық түркітілдес «Bala Turkvizyon» ән байқауына қатысып, ел намысын қорғау. Шәкірттерінің жүзден аса үміткерлер арасынан оза шауып бәйге алғанына ерлі-зайыпты Түлкібек пен Бағлан Рысмағанбетовтер де дән риза. Үмітімізді ақтады деп қуануда.
 
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓