Қуыршақтар қазақша “сөйлей бастады”

Бүгін облыстық  қуыршақтар театры «Кукареку» атты ертегіні сахналады. Бұл – аталған мекемеде мемлекеттік тілде көрсетіліп отырған тұңғыш қойылым. Қуыршақтар театрында қазақ тілінде ертегі қою туралы алғаш бастама көтерген Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов болатын. Идея ұжым директоры Николай Михерскийден де қолдау тапты.fullimage1– Мемлекеттік тілдегі шығармаларды сахналау біз үшін тиімді. Көрермендеріміз көбейеді. Дегенмен өз күшімізбен шығара алмасымыз белгілі. Себебі, тіл мәселесі кедергі. Сондықтан, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрымен байланыс орнаттық. Театрдың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан ұсынысымызды қуана қабылдап, көмегін аяп қалмады. Әйтсе де, көңілімізде «қалай өтеді?» деген қобалжудың болғаны рас. Бұған дейін 2013 жылы бір рет екі тілде қойғанымыз болмаса, тәжірибеміз жоқ. Тұсаукесерді балғындардың жылы қабылдағанына қарап, бірлескен жобамыз сәтті шықты деуге негіз бар, – дейді қуыршақ театрының шығармашылық ұжымы.fullimage2
– Бұл тәжірибе алмасу екі тарап үшін де тиімді болары сөзсіз. Қуыршақ театрының өзіндік ерекшелігі бар. Жансыз бейнелерді «тірілту», кішкентай көрермендерді иландыру оңай емес. Драма театрының әртістері осы жауапты міндетті ойдағыдай алып шыққанына қуаныштымын. Бұл олар үшін шыңдалу сабағы болды. Жекелеген кемшіліктер жүре түзеледі. Ең бастысы, арада тығыз шығармашылық байланыс орнады. Оны одан әрі дамытуға бәріміз мүдделі болуымыз керек, – деп ойын түйіндеді Әлия Баймахан.
Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Роза Олжабаева қуыршақтардың қазақ тілінде ертегі қойып отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, жобаның болашақта жалғасын табуына тілектестік білдірді.fullimage3Балғын көрермендерді қуанышқа бөлеген қойылымға «тіл бітірген» – театрымыздың әртістері Нұрлан Байшин мен Мөлдір Құбаш. Ертегі желісі төбет Шарик пен қораз, жалқау мысық, айлакер түлкі арасында өрбиді. Кейіпкерлер достықты, адалдықты дәріптеп, жаманшылықпен күресуге үндейді. Салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Оқиға барысында балалар белсенді араласып, қайырымды кейіпкерлерге жақтасып отырды. Бұл ертегінің оларды сендіре алғанын, көңілінен шыққанын көрсетсе керек.fullimage4Айта кету керек, «Кукареку» атты ертегінің авторы – Г.Ландау. Оны қазақшаға тәржімалаған – қуыршақтар театрының қызметкері Ботагөз Баймағанбетова. Қоюшы-режиссер – Юлия Семенова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓