Әйелдерді кәсіпкерлікке тарту жолдары

«Нұр Отан» партиясы әйелдер мәселесіне баса назар аударып отыр. Нәзік жандылардың кәсіпкерлікке тартылуы, жұмыспен қамтылуы Қостанай облыстық филиалында «Әйелдерді қолдау» бойынша партияның Сайлауалды платформасының эксперттік топ отырысында қызу талқыланды. Бас қосуға «Әйелдерді қолдау» бойынша партияның Сайлауалды платформасының аймақтық кураторы Сара Ғұмырова, «Нұр Отан» ХДМ ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарова, Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығы төрайымы міндетін уақытша атқарушы Зора Көшкінбаева және тағы басқа да белсенді әйелдер қатысты.  P1360224
– Бүгінгі күні елуден асқан әйелдердің жұмыспен қамтылуы екіталай болып тұр. Өйткені, заман талабына сай білімдерінің жоқтығынан еңбек нарығында оларға деген сұраныс төмен. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында нәзік жандыларды барлық инфрақұрылымдық жобаларға тартып, еңбек қамту көрсеткішін жоғарылату мақсаты қойылды. Сонымен қатар, бүгінгі күні ауылдардағы үйде отырып, шаштараз, тігінші сияқты іспен айналысып, табыс тауып отырған  қыз-келіншектерге ерекше көңіл бөлу қажет. Оларды бұл істерін заңдастыруға шақыру керек. Тек сонда ғана кәсіптерінен нәсібін көруге мемлекет тарапынан қолдау тауып, істерін дөңгелетіп кете алады, – дейді «Әйелдерді қолдау» бойынша партияның Сайлауалды платформасының аймақтық кураторы Сара Гұмырова.P1360221                Елбасының шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғаны аян. Осы орайда «Нұр Отан» партиясы кәсіпкерлік қолдауға бағытталған жұмысты қарқынды жүргізуде. Партия жанынан құрылған кәсіпкерлікті қолдау кеңесі соған айғақ. Бас қосуға жиналғандар инновациялық бизнес жобаларға әйелдердің қатысуына да мүмкіндік зор екендігін жеткізді.  Гранттық қаржыландыру арқылы қыз-келіншектер өз кәсіптерін аша алады. Мәселен, биылғы жылы грант алуға 8 жоба мақұлданды. Олардың 4-ін нәзік жандылар ұтып алған.
            Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамытуға жеңілдетілген несиелер бөлу жақсы жолға қойылған. Бұл «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы 74 адам несие алды, олардың 30-ы әйелдер.
            Қостанай облыстық әкімдігінің кәсіпкерлікті және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Роза Горянная әйелдер кәсіпкерлігін қолдау институттарын дамытуды қолға алу қажеттігін айтты. Ол үшін нәзік жандыларға жеңілдікпен несие беру механизімін жасап, әйелдер шұғылданатын саланы дамытуға бағыттау керектігін тілге тиек етті.
Алқалы басқосуда жасалған ұсыныстар партияның орталық аппаратының «Әйелдерді қолдау» бағыты бойынша куратордың құзыретіне жолданатын болады. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓