Ауыл әкімі 300 мың теңгемен ұсталды
Қостанай ауданының Борис-Романовка ауылдық округінің әкімі жер үлесін алмақ болған азаматшадан 300 мың теңге көлемінде ақша алды деп айыпталуда.
Алайда, Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыл әкімінің бұл әрекетті пара алуға емес, қызметтік бабын асыра пайдалануға жатады екен. Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 307 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келеңсіз оқиға Борис-Романовка кентінде орын алған. «Әкім бұл ақшаны өз қызметін асыра пайдаланып, пайда табу ниетімен алған» делінген хабарламада. Оның ақшаны заңсыз алуы ел мүддесін қорғайтын заңның бұзылуына соқтырды.