Фархадбек қайта оралмақ
«Ордабасы» командасының қорғаушысы Фархадбек Ирисметов Қостанайға келді,-деп хабарлайды «Sports kz» сайты.
Жақын күндері ол «Тобыл» командасының сапына қосылуы мүмкін. 32 жасар әмбебап футболшы қорғаныста шебер ойнайды әрі алаңда өзін еркін сезінеді. «Тобыл» командасының бас бапкері Вардан Минасянға Ф.Ирисметовтың осы аяқ алысы ұнаған сыңайлы. Фархадбек биылдыққа «Ордабасы» сапында тек бір рет қана алаңға шыққан. Естеріңізде болса, 2007-2011 жылдары ол қостанайлық клубтың құрамында өнер көрсетіп, 2010 жылы ел чемпионы атанған және 2007 жылы Қазақстан Кубогын иеленді.
Әлібек Ыбырай