Қауіпсіздік шаралары жүргізілді

Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері Қостанайда отшашулар сатылатын орындарда рейдтер жүргізді. 20141220_123309
Жаңа жылдық мереке қарсаңында сауда орындарында шыршалар, ойыншықтар және отшашу бұйымдары сатылуда. Осыған байланысты Қостанай қаласының ТЖБ мен ІІБ қызметкерлерімен ұйымдастырылған рейдтік тексеру тақырыбы болып келеді. Тексерушілер барлық қажетті құжаттардың түгел болуына және өрт қауіпсіздігі шараларын қадағалауына назар аударды. 20141220_125046Бірінші сауда нүктесін тексеруден бастап-ақ, фейерверктер сақтауға арналған темір жәшік пен өрт сөндіргіш құрылғылар да болмады. Өрт сөндірушілер оқыс оқиғаның алдын алу мәселелері туралы ережелермен таныстырып, полиция қызметкерлері кемшіліктер болған жағдайда айыппұл салуы мүмкіндігін ескертті. Бастысы, сатушыларда отшашу бұйымдарын сатуға рұқсаттама сертификаттары болуы міндет.20141220_125057 - копия
Бүгінгі күні Қостанай қаласында арнайы мамандандырылған дүкен жұмыс істейді, оларда отшашуды сатуға лицензиялары бар, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес сатады.
Отшашу бұйымдарын сату ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл соммасы жеке тұлғалар үшін 25 және заңды тұлғалар үшін айлық есептік көрсеткішті құрайды. Дегенмен, өтр сөндірушілер атап айтқандай, соңғы жылдары қауіпсіздік ережелерін бұзушылықтар саны кеміді.20141220_123353
Бұрынғы жылдармен салыстырғанда отшашу бұйымдарының себебінен болған төтенше жағдайлар азайып келеді. Мысалға, 2013 жылы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамағандықтан отшашу бұйымдарын қолдану кезінде 4-ші қабаттың қылтимасында от тұтану болды.20141220_122022
Отшашу бұйымдарын сату орындары бойынша тексерулер 31-желтоқсанға дейін созылады. Жаңа жыл түнінде өз ауласында отшашу көрінісін ұйымдастыруды қалайтын сатып алушылар бірінші кезекте бұйымның сақтау мерзіміне назар аудару қажет.
 
Қостанай қаласының ТЖ басқармасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓