Мергендер сайысынан жүлделі оралды

Тобыл өңірінің спортшылары стендтік атудан Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасының IV спартакиадасында өнер көрсетті. Стенд (1)Мергендердің басын қосқан жарысқа Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау қалаларының өкілдері қатысты. Жерлестеріміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Рудный мен Қарабалықта ұйымдастырылған жарыста «СКИТ», «Траншея стенді», «Дубл-трап», «Компакт-спортинг» жаттығулары бойынша үздік шыққанын айта кетейік. Осы чемпионатта «Компакт-спортинг» жаттығуынан Қостанай облысы жалпыкомандалық бірінші орынды алды. Біздің құрамада Виктор Скрикеля, Виктор Чернобровин, Андрей Ульянов сияқты мерген жігіттер болды.
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓