Безбүйрек ана табылды

Бұл оқиға қалың жұртшылықтың жағасын ұстатты. Қостанай қаласының тұрғыны 1,5 жастағы баласын «Дельфин» балалар үйінің аумағына әкеп тастаған.
Көп кешікпей баласынан безінген әйелдің кім екені анықталды. Полицияға белгісіз біреу қоңырау шалып, тастандының отбасы жайлы ақпарат берген.20150723153916
Хабарласқан адам бүлдіршінді анасымен және әпкесімен қаладағы жатақханалардың бірінде көргендігін айтқан. Тәртіп сақшылары дереу аталмыш мекенжайға барып, әйелді тапты. Безбүйрек  баласын «Дельфиннің» аумағына апарып тастағанын бірден мойындаған. Сонымен қатар әйел қаржылай қиындық көргендіктен осындай қадамға барғанын айтып ақталмақ болыпты.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓