Қайтқан малда қайыр бар

Қостанай облысы полиция департаменті бастығының атына Меңдіқара ауданының "Восток 1" кәсіпорны басшылығынан алғыс хат келіп түсті. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.Без названия
Михайлов ауылының тұрғындары Ұзынкөл полиция бөлімінің қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсіби біліктілігі үшін алғыс айтады.
21 қыркүйекке Михайлов ауылында 80 бас жылқы белгісіз бағытта кетіп қалған. Ұзынкөл полицейлері жоғалған үйірді Ұзынкөл ауданының Куйбышев ауылдық округінің аумағынан тапқан. Полиция қызметкерлері жылқыларды бақташысыз жайлып жүргенін байқап, иесі анықталғанға дейін сақтау шараларын қолданды. Жылқыларды іздеу үшін облысқа қарасыт өзге де аудандық полиция бөлімдері қосылған.
"Серіктестік басшылығы атынан полиция қызметкерлеріне – Ұзынкөл полиция бөлімінің бастығы М.К. Ералиевке, бастықтың орынбасары К.Б. Шабденовке, ОКП бастығы Ю.В. Бороздинге, жедел уәкіл Б.А. Курлеутовқа, Новопокров ауылдық округінің учаскелік инспекторы А.М. Даулетовке алғысымызды білдіреміз", – дейді серіктестік қожайыны.
Жылқы үйірі табылды және иелеріне қайтарылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓