Көп асқанға – бір тосқан (БЕЙНЕ)

Қостанайда ғаламтордағы «Колеса.кз» сайтының қолданушыларын алдап келген алаяқ қолға түсті. 27 жасар күдіктінің мойнында ақпараттық технология кеңістігінде жасаған 36 қылмыстың бары анықталып отыр. Мұндай ғаламтор арқылы талайды сан соқтырған әккіні құрықтау Қазақстанда алғаш рет тіркелген оқиға. Осы және қылмыстың басқа да жай-жапсарын Облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Амангелді Мұхаметқалиев пен аталған басқарманың аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Жанар Мұғалова өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте айтып берді.IMG_0104– Қостанай облысының азаматы «Колеса.кз» сайтына автокөлік бөлшектерін нарықтағы құнынан анағұрлым төмен бағамен сату туралы хабарландыру беріп, салдарынан Қазақстанның тоғыз өңірінің он шақты тұрғыннның алданғаны белгілі болып отыр. Олардың қатарында біздің аймағымыздан бөлек, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының азаматтары бар. Күдікті 16 қазанда ұсталды. Қазіргі таңда ол уақытша қамау изоляторына тоғытылды, – деді А.Мұхаметқалиев.
Басқарма басшылығы күдіктінің жеке басы мен оның мекенжайын анықтау үшін айтарлықтай жұмыс атқардық дейді. Және осы қылмысты ашуға жарты жыл уақыт кетіпті. Бір анығы, қаскөй бұрын көлік жөндеу орнында жұмыс істеген екен қылмысты мойнына алған азамат мұндай қитұрқы әрекетпен 2013 жылдан айналыса бастаған. Одан алғаш Қарағанды тұрғыны зардап шеккен екен.     
 
 
– Қылмыстың сызбасы былайша өрбиді, – деді Ж.Мұғалова, – Қаскөйлер «Колеса.кз» сайтына кез келген көліктің қосалқы бөлшектерін арзан бағаға сататыны туралы хабарландыру береді. Олардың техника жағына әбден машықтанғаны әрі сатып алушыларды тауардың ақысын толық төлеуге сендіре алатыны алғашқы ізіне түскен уақыттан белгілі болды. Тұтынушы тарап ақшаны карта шотқа салады, содан кейін қаскөйлер ғаламтордағы хабарландыруды өшіріп, байланысқан телефондарын сөндіріп тастап отырған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың сыбайласы ретінде тағы бір адам тергелуде, бірақ ол қамауға алынған жоқ.
Зардап шегушілерге 50 мыңнан 250 мың теңге аралығында залал келген. Полиция өкілдері бармағын тістеп қалғандар саны БАҚ арқылы әлі де өсе түсуі мүмкін екенін айтады. 
Облыстық ІІД ұсынған мына видеода күдіктінің ұсталған орнында тінту жүргізу сәті түсірілген.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓