Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы жылдық жеке жоспарларды орындау негізінде бағаланады
«100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының Қазақстанның дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі басымдығының бірінші бағыты кәсіби аппарат құруға қатысты. Осыған орай, мемлекеттік қызмет саласына бірсыпыра өзгерістер енгізілуде. Олардың алғашқысы, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі. Жаңа жүйеге сәйкес, жалақыны есептеген кезде 8 басты фактор ескеріледі. Факторлық-баллдық меже 8 факторды есепке ала отырып, төлем деңгейіне байланысты қызметтерді анықтайтын болады. Бұндай әдіс қызметкерлерді сапалы жұмыс жасауға ынталандырады. Мұндай факторларға қызметкерлерді басқару, жауапкершілік, дербестік, жұмыс тәжірибесі, арнайы білімдерінің деңгейі, байланыстар деңгейі, жұмысының ауырлығы және қабылдаған шешімдердің салдары сияқтылар жатады.

Әр фактор қажетті құзіреттер мен жауапкершілік деңгейлеріне байланысты қиындық дәрежесінің артуы бойынша сатылардан тұрады. Сонымен қатар, факторлық-баллдық меже сыйақылар деңгейін де анықтайды.
Нәтижесінде, бір санаттағы қызметтерге әр түрлі жалақы төленуі мүмкін, мысалға, бірдей санаттағы басқарма басшылары немесе мамандар әр түрлі жалақы алады. Аталған әдісті енгізу арқылы біз жалақы төлеудегі әділдікті қамтамасыз етіп, лауазымның мекемеге деген маңызын көрсетеміз. Позиция қаншалықты құнды болса, жалақы да соншалықты жоғары болады.
Нәтижесінде, бір санаттағы қызметтерге әр түрлі жалақы төленуі мүмкін, мысалға, бірдей санаттағы басқарма басшылары немесе мамандар әр түрлі жалақы алады. Аталған әдісті енгізу арқылы біз жалақы төлеудегі әділдікті қамтамасыз етіп, лауазымның мекемеге деген маңызын көрсетеміз. Позиция қаншалықты құнды болса, жалақы да соншалықты жоғары болады.
Қызметкерлерді ынталандырудың келесі шарасы- қызметінің нәтижесіне байланысты бонустар мен үстемелер төлеу. «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы жылдық жеке жоспарларды орындау негізінде бағаланады. Осындай бағалау нәтижелері бонус төлеудің негізі болмақ.
Бұл үшін біз міндетті ранжирлеу шарасын қолданамыз. Бағалау нәтижесінде қызметкерлер 4 топқа бөлінеді: басым нәтижелер (10%), жоғары (35-45%), қанағаттандырылатын (40-50%) қанағаттандырылмайтын (5%-дейін). Қызметшілердің алғашқы екі санаты бонустар алады. Бірінші санаттағылар тиісінше екінші санатқа қарағанда көбірек алады.

Берген БЕСПАЛИНОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары-тәртіптік кеңестің төрағасы