Басты құндылық – бейбітшілік пен келісім

Рудный қалалық оқушылар мен жастар сарайында «ҚХА – 20 игі іс» эстафетасы шеңберінде облыстық Ассамблеяның ақпараттық-насихат тобы келіп, жұртшылықпен кездесті. Басты мақсат Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы бес институционалдық реформаның мақсаты мен міндеттерін халыққа түсіндіру, әртүрлі диаспора мен ұлыстар арасында мәдени диалогты нығайту.DSC_0051
Шара басталмас бұрын көрермен назарына Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған бейнеролик көрсетілді. Кездесудің басты бөлімін ашқан қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина басты құндылық – еліміздегі бейбітшілік пен келісім екенін айтып, атқарылып жатқан іргелі істерге тоқталды. Одан кейін Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, Челябі мемлекеттік университетінің профессоры Әлімжан Бекмағамбетов жалынды сөз сөйлеп, Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» туралы мағлұмат беріп өтті.222
Кездесу соңы ән мен биге ұласты. Атап айтсақ, Қостанай шаһарынан келген Облыстық Ассамблеяның Орыс орталығының өкілі, биші Татьяна Деменская «Өзбек биін» сахналаса, Әзірбайжан этномәдени орталығының жетекшісі Рагим Абилов «Лезгинка» билеп көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ қаламыздың ең үздік шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетіп, концерттік бағдарламаны қорытындылады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓