Прокурорлар жартыжылдықты қорытындылады

Облыс прокуратурасында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыс нәтижелерін талқылауға арналған алқа отырысы өтті.
Бұл жартыжылдықта облыстық прокуратурамен әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуының алдын алуға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылған.  
Қолданылған шаралардың нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмысшының құқықтары қорғалып, олардың пайдасына 265 млн. теңге өндіріп алынды. Еңбекақы берешегінің көлемі 126,5 млн. теңгеден 1,1 млн. теңгеге дейін азайтылды.prokyratyra
Рудный қаласындағы қоғамдық көлікте жүру құнының жоғарылауын болдырмау үшін қолданылған шаралар нәтижесінде кеншілер қаласының 60 мың тұрғынының азаматтық құқығы қорғалды.
Облыстық прокуратура органдарының бастамасымен аймақта балалардың өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу бойынша мекемеаралық жоспар жүзеге асырыла бастады. Осы жұмыстың шеңберінде облыстың орта білім беру ордаларында жантанушылық қызмет туралы Үлгілік ережеге өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, өз еркімен өмірден кету фактілері 43-тен 20-ға дейін азайды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға тоқталатын болсақ.  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалымен бірлесіп, Қостанай қалалық әкімдігінің жарнама бизнесі саласында 12 кәсіпкердің құқықтарын шектейтін заңсыз қаулысының күші жойылды.
Прокурорлар жемқорлықпен күресті де назардан тыс қалдырмаған. Прокурорлық шара қолдану актілері бойынша 20 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл тізімде құрылысы аяқталмаған көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға қабылдаған облыстық мекеме басшысы және облыс орталығы басшысының орынбасары да бар.
Жалпы көлемі 263 мыңға тағайындалуы бойынша пайдаланылмаған 52 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.  
Айналымы 26,5 млрд. теңгені құрайтын кәсіпорынды «жалған тұлға» атына қайта тіркеудің 13 фактісі сот арқылы жойылды. Табыс көлемі 3,2 млрд. теңгені құрайтын осындай кәсіпорындар бойынша тағы 6 талап арыз қаралуда.
Сонымен қатар, ұрлыққа қарсы мекемеаралық жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде облыста пәтерден ұрлау – 18,7 %-ға төмендеді ( 1059 –дан 860-қа де-йін), ұялы телефондарды ұрлау -4,4%-ға төмендеді (1 426-дан 1 362-ге дейін), жалпы ұрлық жасау 3%-ға төмендеді (7209-дан 6 998-ге дейін).
Аталған 2014-2015 жж. арналған жоспарда белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде облыс көшелерінде, сауда орталықтарында, үйлердің ал-дарында 974 бақылау камерасы орнатылды, 56 үй консьерж қызметімен қамтамасыз етілді, 7 469 домофон қосылды, тәртіпті сақтауға 68 күзет құрылымдары тартылды, 76 оқу орнында бейнебақылау камералары орнатылды.
Заңсыз шешімге қарсылық білдіру арқылы экологиялық талаптарды бұзып, аймақ тұрғындарының денсаулығына зиян келтіретін жұмыс жасаған «Алюминстрой» ЖШС асфальт-бетон зауытының қызметі тоқтатылды.
Әкімшілік сот істерін жүргізу саласында 2 миллион теңгеден астам айыппұлға заңсыз кесілген 9 азаматтың құқығы қорғалды.
Сонымен қатар  812 азаматтың еңбекақысы төленіп, берешек көлемі 100 миллионнан 900 мыңға дейін, немесе 100 есеге, төмендетілді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓