«Сәлем, Рудный, тағдырым менің!»
Қаламыздың «Жаса, Рудный!» әнұранының ағымын бір рет қана естісең де мәңгілікке есте қалады. Қандай өлкеде жүрсең де ол әнұран жүрегіңе жылулық береді. Жуырда Рудный қаласына осы әннің авторы, композитор және әнші Қайрат Нұрғазин концерттік бағдарламасымен келіп кетті.
Оқушылар және жастар сарайының концерттік залында жерлесіміздің өнерін құрметтейтіндер, шығармашылық жолдағы серіктестері, жақсы достары жиналды. Оның таңдаған орны кездейсоқтық емес. – Бұл сахна – мен үшін өте қымбат. Мен мұнда көптеген жылдар бойы ән айттым – деп мойындайды әртіс.
Биылғы жыл – Қайрат Нұрғазин үшін мерейтойлық жыл болып есептеледі. Мерейтой құрметіне арнап ол қазіргі уақытта ел бойынша концерттер қойып жүр. Кеште құттықтау сөзімен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ирина Лисицина шығып, әртіске Рудный қаласының мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Кеш бойы әнші, композитордың жаңа және көпшіліктің сүйіп тыңдайтын ең үздік әндері шырқалды. Бұл кеште міндетті түрде «Жаса, Рудный!» әнұраны да айтылды.