Өңдеу өніркәсібін дамытуға басымдық беріледі

Кез келген мемлекеттің әлеуетін арттырып, бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш –экономикалық жағдай. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру болып табылады. Тобыл өңірінде де индустрилдық-инновациялық жағдай қарқынды дамып келеді. Десе де былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш көлемі қысқарған. Облыстың ахуалы жайында журналистермен өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және индусриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мейрам Сөкітбаев баяндады.IMG_4668
Облыстың өндіріс өнімінің көлемі жыл басынан бергі алты айда қысқарып кеткен. Жарты жыл ішінде есепке алар болсақ, облыстағы өндіріс кәсіпорындары 216,4 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға кем көрсеткіш.
Бұл әсіресе, кен өндіру кәсіпорындары жұмысынан байқалады. Олардың қатарында Рудный, Қостанай, Лисаков, Таран, Қостанай және Жітіқара аудандары бар. Алып кен байыту орны Соколов-Сарыбай бірлестігінің өзі жыл басынан бері өнім өндіру көлемін айтарлықтай қысқартқан. Бұған әлем бойынша өнімге деген сұраныстың төмендеуі және де Украина жерінде саяси дүмпулердің де әсері тиіп отыр. Аталмыш кәсіпорында темір концентратын өндіру 6 пайызға, темір жентегін өндіру 37 пайызға қысқарған.IMG_4679
Сонымен қатар, Доре алтыны мен мыс концентратын өндіретін «Варваринское» акционерлік қоғамында да жағдай осылай болып отыр. Кәсіпорын жыл басынан бері 8,6 миллиард теңгенің өнімін өндірген, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 51 пайызға аз. Сонымен кәсіпорын мыс концентратын 93 пайыз, мыс кенін 85 пайыз өндірді. Мұның себебі де Қытай бағытынан сұраныс тоқтағуына байланысты кәсіпорын мыс концентратын өңдеуді әзірге тоқтатып отыр.
Баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және индусриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мейрам Сөкітбаев сонымен қатар облыста автомобиль өндірісі 31 пайызға, “ЕвразКаспианСталь” ЖШС болат айдау 6 пайызға арттқанын да сөд етті. Оның сыртында Индустриаландыру картасы аясында 115 млрд. теңгеге 77 нысан іске қосылған.  IMG_4682
Индустриаландыру картасы бойынша 2015-19 жылдар ішінде 320 млрд. теңгеге 15 жоба еніп отыр. Ал биылғы жылы үш нысан іске қосылуы тиісті. Оның бірі Рудный қаласында сүт және сүт өнімдерін өндіретін цех, ал екеуі Таран ауданындағы қиыршық тас өңдеу зауыты және Қостанай қаласында сусын өндіретін кәсіпорын.
Қостанай облысы үшін маңызды жағдай екі индустриялық аймақтың құрылуы. Бұл өңір экономикасын дамытудағы сенімді бағытқа айналғалы отыр. Индустриялық аймақтар Жітіқара қаласы мен Қостанайда құрылмақ. Бұл үшін қаладағы дизель зауыты ауданынан 400 гектар жер бөлінді. Мамандар Индустриялық аймақтың облыс экономикасы жалпы өңірдің дамуы үшін тиімділігі жоғары болатынын мойындап отыр. Индустриялық аймақта жаңа өндірістік кәсіпорындар ашылады. Онда жұмыс орындары құрылып, салық айналымы нығаяды, өндіріске жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізетін техникалық мамандардың біліктілігі көтеріледі, қосымша инвестициялар тартылады. Индустриялық аймақтарда өңдеу өніркәсібін дамытуға басымдық берілетін болады.IMG_4672
–Индустриалды аймақты жобаларын жүзеге асыру үшін кәсіпкерлерге үш жыл уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде қолға алынған жоба іске асуы керек. Облыста екі индустриалды аймақ пайда болмақ. Бірі Жітіқара ауданында және облыс орталығында. Жітіқара ауданы құрылысты аяқтауға жақын. Биылғы жылы сәтін салса іске кіріспек.Ол жерде құрылыс материалдары шығарылып, ауылшаруашылығы өнімдері қайта өңделеді. Ал облыс орталығы келер жылы бұл іске кіріседі. Ол 2018 жылы аяқталады. Мұнда басты бағыт машинақұрылыс, металлөңдеу, ауылшаруашылығы тауарларын өңдеу және өндіру болады, – дей кетті Мейрам Сөкітбаев.  
Айта кетерлігі аймақтағы жерлер кәсіпкерлерге жалға беріледі. Үш жылдың ішінде кәсіпорындар бар күшіне енуге тиісті. Олай болмаған жағдайда олар ысырылып, өз орындарын тиімді деген жобаларға беруге мәжбүр болады. 
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓