«Іспірт» саудасын да, іскерлігін де тоқтатты

Облыста бірнеше кәсіпкер алкоголь өнімдерін саудалауды үзілді-кесілді тоқтатқан.  Алайда оларға айыппұлдар салынуда. Олар жыл сайынғы лицензиялық жинақты өтемегендері үшін кінәлі. Облыстық  сот инстанциясының бұл шешіміне бизнесмендер наразылық білдіріп, Бас прокуратураға шағымданып отыр.спирт
Наразылық турасындағы хатқа сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау Палатасы сарапшыларының демеуімен, үш бизнесмен аталмыш құзырлы органға арыз жолдаған. Олардың әрқайсысы ішімдік саудасын тоқтатқан, бірақ салық мекемелеріне лицензияларын табыстамаған. 
Мәселен, Эльмира Назарова басқарып келген ЖШС-тің жұмысы былтыр, салық Кодексіне сай, 5 жылға тоқтатылыпты. 
-Мен былтыр Мемлекеттік кірістер департаментіне барғанымда, олар лицензияның мерзімсіз екенін, оны тапсырудың міндетті емес екенін айтқан-ды. Сондай-ақ барлық ақпараттық ресурстарда жыл сайынғы жинақты, 2015 жылдан бастап, алкоголь сатумен айналысып отырғандардың ғана төлейтіні мәлімденген. Мен спирттік өнім сатпаймын ғой, ЖШС-нің жұмыс істемей тұрғанынан-ақ білмей ме? Жұрттың басын қатырудың қажеті қанша екен?,-дейді Э.Назарова.
Ақыр соңында азаматшаны, лицензиялық жинақты өтемегені үшін, 297 300 теңге айыппұлға «отырғызыпты».  Ол бұл «әділетсіз» шешімді апелляциялық, кейін кассациялық инстанция алдында дәлелдеуге тырысқан. Дегенмен нәтиже болмапты. Керісінше, бұл әрекетті сот тарапы жауапкершіліктен жалтару деп санаған.
Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында, Назарованың кебін киіп, сот назарына 36 қостанайлық кәсіпкер іліккен. 
Қазақстанда жылдық лицензиялық жинақ жүргізу үрдісіне кіріктірілген өзгерту 2015 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген еді.  Оны уақытылы төлемегендерге салынатын айыппұл көлемі соңғы өзгерістерде нақты белгіленулі: шағын кәсіпкерлік шеңберіндегілерге -150 АЕК, орта  – 200 АЕК, ірі бизнесті дөңгелектетіп отырған тұлғаларға  700 АЕК көлемінде жаза ақы төлеу міндеттеледі.
 
Жандос Жүсіпбек
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓