Шебер шахматшылар – жеңімпаз

Бүгін – халықаралық шахматшылар күні! Осыған орай Сарыкөл ауданында шахматтан турнир өтті. Оған барлығы 15 ойыншы қатысты. Солардың ішінде облыс жүлдегерлері Сарбиназ Булегенова, Ақжамал Булегенова, Аружан Бисенова және Вадим Скрипактар да бар.IMG_5454
Жас жаттықтырушы Әділжан Зайкеновтың айтуынша, ересектерден құралған біздің құрама былтыр облыстық жарыстан 6-орын алыпты. Кейінгі жылдары қатысу деңгейі мен көрсеткіш жаман емес. Сондай-ақ, оқушылар арасында да ілгерілеушілік байқалады. Өйткені, былтыр қалаларды қоспағанда, аудандар арасында 1-орынды бағындырыпты. Әрине, бұл өте тамаша нәтиже. Осы қарқынды ұстанған жас шахматшылар алдағы айдың 7-9-да өтетін облыстық шахмат турниріне мықтап дайындық үстінде екен. Сол жарыстан жүлделі оралуға дәмелері зор.IMG_5450
Жалпы, бүгінгі жарыста тыңғылықты ойын өрнегін көрсетіп, өз қарсыластарынан шеберліктерін асыра алғандары жеңімпазы атанды.IMG_5475
Айталық, бірінші орынды шахмат ардагері Николай Цупко бағындырса, екінші орынды жарыс демеушісі Алексей Горбунов еншілеп, ал жас шахматшылардың жаттықтырушысы Әділжан Зайкенов үштіктен көрінді.
Жарыс соңында жүлдегерлер мадақтама қағазы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓