Ұйқың тыныш болсын десең…

Лисаковтық көлік тізгіншілері соңғы бес жылда қазынаға 272 млн теңге құйды. Десек те, салық төлеу міндетінен жалтаратындар әлі көп. Былтырдан қалған мемлекет «алашағы» 6 млн теңгеден асады. 2009-2013 жылдардан қалған қарыз да 5 млн-ға жетеқабыл. налог110 темір тұлпардың иесі өмірден озғандар тізімінде. Марқұмдар өтей алмай кеткен салық құны 3 млн 200 теңгені құрап отыр. Төлеу міндетін мойнына алған туысқандары асықпайтын сияқты. Қаладан тыс жерлерде жүргендердің де мойындарында 1 млн теңге қарызы бар. Ал, шекараның арғы бетінде жүрген лисаковтық көлік иелерінің берешегі – 5 млн 600 мың теңге. Тағы 400 азамат тіркеулі мекенжайында тұрмайды. Олардың төлеулері тиіс салығы 1,5 млн теңгеден асады. 
Борышкерлерге ескертпе хаттар жолдануда, тіпті көбінің ісі сотқа жіберілген. Біршамасына сот тиісті үкімдер кескен. ҚР шекарасынан көбісі қарызын өтемейінше аттап баса алмайды. Сондай-ақ, автокөлігі тартып алынғандары да бірқыдыру. Тәркіленген көлік саудаға қойылып, сол арқылы қазына толықтырылуда.
Қалада рейдтер жүргізілуде. Берешекке белшеден батқандарға қарсы шараларға тәртіп сақшылары бел шеше кіріскен. Полицейлер және сот орындаушылар көліктерді тоқтатып, пәтерлерді аралауда: біріне міндеттеме қағаздар беріліп, бірінің мүлкі тәрк етілуде.
 
Жандос Жүсіпбек
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓