Кәсіпорын қуаты артты
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС ет өңдеу кешенінің қызметімен танысуға барды.Кәсіпорын тәулігіне 1500 бас ІҚМ, 2400 бас ұсақ мал етін өндіруге қауқарлы. Мұнда 200 жаңа жұмыс орны құрылған. Ет өңдеу кешенінде ІҚМ және ұсақ мал еті мұздатылған және тоңазытылған күйінде сатылады, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер өндіріледі.Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаты 30%-ға артқан. Өнімнің 600 тоннадан астамы сиыр етіне тиесілі. Жыл соңына дейін тағы 5000 тонна дайын өнімді қайта өңдеу және шығару жоспарланып отыр.«Жалпы, бұл жоба облыста ет импортын азайтуға, сондай-ақ жергілікті шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жандандыруға бағытталған», – деп мәлімдеді облыс әкімі.Жобаны іске асыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаражат тартылған.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев