Кедендегі кедергілер азаймақ
Қостанай қ. Облыстық кірістер департаменті мамандарының айтуынша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен» бірге 300 ірі салық төлеуші үшін жасыл дәліз жобасы енгізілді. Осы жобаның шеңберінде импорттаушылар посткедендік кезеңде кедендік бақылаудан өтеді. Бүгінде Жасыл дәлізді пайдаланатын импорттаушылар айналымы кеңейтілуде. Жұмыстың мұндай тәжірибесі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, яғни бұл жоба Еуропа Одағы мен Қытай елдерінде жүзеге асырылған көрінеді.