WhatsApp арқылы шағым қабылдайды
Бұдан былай Лисаков қаласының тұрғындары да WhatsApp мобилдік қосымшасы арқылы лезде шағым түсіре алады.
– Бұл байланысты ашудағы басты мақсатымыз халықтың ішкі істер қызметкерлеріне деген сенімін арттыру және халықпен тығыз байланыс орнату үшін ашып отырмыз. Кез келген азамат жол көлік оқиғасы, ұрлық пен зорлық-зомбылықтың куәсі болса фотоға түсіріп, WhatsApp арқылы 8-776-74-02-02-0 нөміріне жолдай алады, – дейді қалалық ІІБ басшысы Нұрлан Байқасов.
Полицейдің айтуынша, қолға алынған шара тұрғындар үшін өте қолайлы және кез келген құқық бұзушыны жедел табуға өз септігін тигізбек.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ