Тасқынға қарсы командалық-штабтық оқытулар өтті
«Көктем-2016» аумақтық командалық-штабтық оқытулар Меңдіқара ауданында ашылды және алдағы су тасқыны мен төтенше жағдай кезіндегі құтқару жұмыстарына арналды. Меңдіқара ауданының жедел әрекет ету жасағына жаттығу барысында ширақтық таныту қажет болды. 22 бірлік техника, жеке құрамнан 75 адам қатысты. Бұның сыртында ішкі істер органдары да, өрт сөндіру бөлімдері де, жедел жәрдем бригадасы да, «Таза-Бұлақ», «Форфайт» ЖШС, Қазақтелеком, Қазавтожол, Қостанай жолдары, білім беру бөлімі мен сауда-саттық және тамақтандыру қызметтері де жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың ең бастысы міндеттері су тасқыны салдарын жою үшін күресетін күштердің дайындығын барлап, жеткілікті құралдардың бар болуына тексеру жүргізу болды. Барлық қызметтердің апатқа тойтарыс беру мүмкіндігі бақыланды. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды атқаруда тәжірибелік іс-қимылдар өңделді.
Оқытудың сценариі бойынша жоғарғы ауа температурасы қардың күрт еруіне әкелді. Қар суы алқаптардан жайылып келіп, айналма жолдағы су жіберу құбыры кептетіліп қалды. Салдарынан Абай көшісінің шеткі аулалары мен тұрғын үйлерді су басты. Апатты жағдайдың алдын алу қажет. Міндет қойылды, уақыт кетті. Осылайша, жапа шеккен тұрғын телефонға қоңырау шалғаннан соң оқиға орнына Меңдіқара ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жедел тобы келіп, жағдайды бағалады. Тындыратын жұмыс аз емес. Қысқа мерзім ішінде үлгеру, жағдайды ушықтырып алмау маңызды. Тұрғындарды эвакуациялау, мүлікті құтқару, медициналық көмекке зәру адамдарға жәрдем көрсету, ауданды қоршауға алу, электр желісін сөндіру, үзілген электр желілеріне жөндеу жүргізу жұмыстарын орындау қажет… Тұрғындарды эвакуациялау туралы дауыс зорайтқыш құрылғысы көмегі арқылы ТЖД-нің арнайы көлігі құлақтандырады. Жол полициясы патрулі қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Жедел әрекет ету жасағының құрылымы су басқан үйлерден суды сорғыш құралмен тартып шығарады және газ, су, электр жүйелерін сөндіреді. Сауда-саттық және тамақтандыру қызметтері шатыр тігіп, су шайған үйлердің тұрғындарын тамақтандырады. Оқытуға жұмылдырылған барлық бөлімшелердің бірлескен жедел іс-қимылдары нәтижесінде, алға қойылған мақсаттар мен мендеттер орындалды. Адамдар құтқарылды, төтенше жағдай жойылды. Оқыту соңында жүргізілген жұмыстар талқыланды. Қатаң ұсыныстар берілді: жүйелі және мақұлдасып жұмыс жүргізу, қауіпсіздік техникасы талаптарын бұзбау – басты шарт.
Қостанай облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы