Облыс орталығындағы «Алтын күз-2014» жәрмеңкесі
Күз – береке мен молшылық маусымы. Содан да болар, осы сәтте ауыл шаруашылығы еңбеккерлері өздері жаз бойы күтіп-баптаған өнімдерін қала тұрғындарына ұсынып, еңбектерінің қайтарымын көреді. Қостанайда екі жаққа да тиімді бастама «Алтын күз-2014» жәрмеңкеcі биыл да тұрақты түрде жалғасын тапты. Жәрмеңкенің басты мақсаты – әрдайым тұтынушының биік талғамы мен сұранысын қанағаттандыру.
Облыс орталығындағы Сити- орталықтағы жәрмеңкеге төрт түліктің еті, жал-жая, қазы-қарта, балықтың түрлері, айран, ірімшік, қаймақ, сүзбе, бал, күріш, тағы басқа көкөніс, жеміс-жидектің түр-түрі қойылған. Бағасы базардан 15-20 пайыз төмен, әрі экологиялық жағынан таза.

Айта кетер бір жай, шаһар тұрғындарының арасында дәмі тіл үйірген алманың түр-түрі, бал, жаңа ғана сойылған жылқы, қой мен сиырдың еті, бау-бақша өнімдері мен жұмыртқаға деген сұраныс жоғары. Мұндағы тауықтың жұмырқасының 10 дансын 160 теңгемен сатып алуға кезекке тұрған халықтың санынан көз сүрінеді.

Мешіт Ғазиз