Облыс әкімі ораза айтымен құттықтады

Бүгін құлшылық айы – Рамазан мәресіне жетіп, ораза айты басталды. Шілденің шіліңгір ыстығына қарамай ауыз бекіткен мұсылман жұрты таң-азаннан Марал ишан мешітіне ағылды.  IMG_4503Аллаһ үйіне жиналып, бір-бірін діни мерекемен құттықтауда. IMG_4506Мүмін баласы үшін аса ардақты саналған мейраммен жиылғандарды облыс әкімі Нұралы Садуақасов арнайылап құттықтауға келді. IMG_4510
 
IMG_4527
IMG_4508Жолдаған алғаусыз ақ лебізінде мол сауаптан дәметуші жамағаттың шын ниеттерінің қабыл етілуін тіледі.IMG_4525
Мұнан соң қалың қауым айт намазын оқыды. IMG_4533Қасиетті жұмаға дөп келген Ораза айтының басталуымен баршаңызды біз де құттықтаймыз, қазақ елі!
 
Жандос Жүсіпбек
Суреттерді түсірген: Айбек Жүзбай
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓